Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 5-ші сессиясы өтті

Бүгін  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 5-ші  сессиясы қазіргі таңдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, қатысушылар санын шектей отырып,   онлайн режімінде  тікелей эфирде болып өтті.

Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев, тұрақты комиссиялардың төрағалары,  онлайн режімінде – комиссия мүшелері, облыстық  басқармалар мен департаменттердің    өкілдері қатысты.

Сессияның   күн тәртібінде екі  мәселе  қаралды.

2021 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы баяндама жасаған Батыс Қазақстан облыстық  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  басшысы Т. Каюпов  облыстық бюджетті нақтылау   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарының негізінде жүзеге асырылып отырғандығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттер мен кредиттер 30,1 млрд. теңге жалпы сомаға бөлінгендігін (РБ – 2,8 млрд. теңге, ҰҚ – 27,3 млрд. теңге), соның ішінде: ағымдағы трансферттер мен кредиттер – 15,9 млрд. теңге және даму трансферттері – 14,2 млрд. теңге бөлінгендігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 17,9 млрд. теңге сомасында  басым шығыстарға бағыттау ұсынылды.

Депутаттар бюджет нақтылауын бірлескен отырыста талқылағандықтан бір ауыздан бекітті.

Сондай-ақ, депутаттар күн тәртібіндегі «Орал қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және дегельминтизация жасау, бірдейлендіру, биозарарсыздандыру, екпе жасау қызметі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» облыстық мәслихат шешімін де қолдап мақұлдады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок