Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Орал қаласы                                 № 6-5                        30 қыркүйек 2021 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6407 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы»;

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қосымша берілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыстық мәслихат хатшысының

міндетін атқарушы

 

 

 

М.Мұқаев