Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №40-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  07.07.2021ж. №23326 болып енгізілді

Орал қаласы                               №5-1                       2 шілде 2021 жыл

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №40-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 40-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6555 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 292 942 899 мың теңге:

салықтық түсімдер – 81 943 349 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 837 237 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 209 139 313 мың теңге;

2) шығындар – 294 173 991 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 7 556 155 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 19 529 202 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 973 047 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 676 255 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 851 396 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 175 141 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -9 463 502 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
9 463 502 мың теңге:

қарыздар түсімі – 9 022 326 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 13 063 427 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 13 504 603 мың теңге.»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 6, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 28-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:

1) 2021 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 56 852 606 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір белігін өтеуге – 4 050 000 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 1 464 016 мың теңге;

саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 15 090 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберіндегі субсидиялауға – 200 000 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 2 370 126 мың теңге;

кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға – 460 088 мың теңге;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге – 1 420 мың теңге;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 84 332 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 200 398 мың теңге;

ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге – 44 179 мың теңге;

техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге –
101 108 мың теңге;

Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 531 мың теңге;

мүгедектерді әлеуметтік қолдауға – 360 721 мың теңге;

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 50 050 мың теңге;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 6 561 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялауға – 207 366 мың теңге;

жастар практикасына – 644 366 мың теңге;

NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға – 703 315 мың теңге;

қоғамдық жұмысқа – 1 028 894 мың теңге;

мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге – 584 070 мың теңге;

жаңалық телебағдарламаларының трансляциясын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 5 953 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 2 079 687 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 26 294 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 430 964 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға – 1 291 960 мың теңге;

ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 16 156 003 мың теңге;

ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 7 717 947 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 303 790 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге –
2 889 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 14 321 мың теңге;

«Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға – 1 818 902 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 874 715 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге –
249 390 мың теңге;

көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 94 171 мың теңге;

медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне – 612 мың теңге;

қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге – 348 746 мың теңге;

вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 1 305 411 мың теңге;

саламатты өмір салтын насихаттауға – 19 158 мың теңге;

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 95 622 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 87 066 мың теңге;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға – 330 068 мың теңге;

дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 595 237 мың теңге;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 1 101 708 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 39 000 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге – 1 482 609 мың теңге;

көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 520 655 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 250 000 мың теңге;

көліктік инфрақұрылымды дамытуға – 800 000 мың теңге;

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге – 1 200 000 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беруге –  1 733 040 мың теңге;

облыс орталықтарында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге – 500 000 мың теңге;

ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге – 97 213 мың теңге;

объектілерді күзету функцияларын бәсекелес ортаға беруге – 9 223 мың теңге;

халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге – 1 418 689 мың теңге;

жылу-энергетика жүйесін дамытуға – 805 818 мың теңге;

кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беруге – 431 174 мың теңге;

жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беруге – 37 940 мың теңге;

2) 2021 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі – 43 069 132 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 3 177 217 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға – 4 024 825 мың теңге, соның ішінде: әлеуметтік-осал топтар үшін тұрғын үй салу – 2 467 092 мың теңге; аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салу – 1 557 733 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 4 636 942 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 5 041 186 мың теңге;

жылу-энергетика жүйесін дамытуға – 1 706 693 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 1 524 633 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 2 274 480 мың теңге;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз ету және өткізуге – 241 644 мың теңге;

ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге – 194 424 мың теңге;

арнаулы мекемелердің, айдауыл қызметінің, кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының, кинологиялық бөлімшелердің қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларының көмекшілеріне тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеуге және олардың тұрғын үй төлемдеріне төлеуге – 112 208 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 1 130 016 мың теңге;

мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге – 1 465 570 мың теңге;

үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге – 117 870 мың теңге;

қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге – 276 747 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 2 745 мың теңге;

дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 36 779 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кредиттер бойынша кепілдік беруге – 872 164 мың теңге;

көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 5 554 180 мың теңге;

газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 870 336 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 2 421 479 мың теңге;

көліктік инфрақұрылымды дамытуға – 2 400 000 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 706 854 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 1 000 000 мың теңге;

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін кредит беруге – 905 540 мың теңге;

2020 – 2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін кредит беруге – 2 200 000 мың теңге;

жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беруге – 174 600 мың теңге.»;

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының түсімдері 11 973 047 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

6-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«6-1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 1 840 032 мың теңге сомасында Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін ескерілсін.»;

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттер 8 261 936 мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

5 039 015 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

3 222 921 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«10. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте қарыздарды өтеу
13 063 427 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

ҚОСЫМША

 

Сессия төрағасы                                                Л.Турсынова

 

 Облыстық мәслихат

хатшысы                                                           Б.Қонысбаева