Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №40-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  22.10.2021ж. №24845 болып енгізілді

 

Орал қаласы                                 №7-1                               20 қазан 2021 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №40-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 40-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6555 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 296 751 714 мың теңге:

салықтық түсімдер – 85 079 628 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 2 988 054 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 80 458 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 208 603 574  мың теңге;

2) шығындар – 297 140 690 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 8 398 271 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 20 371 318 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 973 047 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 676 255 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 851 396 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 175 141 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -9 463 502 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
9 463 502 мың теңге:

қарыздар түсімі – 9 022 326 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 13 063 427 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 13 504 603 мың теңге.»;

3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) 2021 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 56 316 867 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір белігін өтеуге – 4 050 000 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 1 464 016 мың теңге;

саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 15 090 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберіндегі субсидиялауға – 200 000 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 1 536 602 мың теңге;

кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға – 392 319 мың теңге;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге – 1 420 мың теңге;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 84 332 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 200 398 мың теңге;

ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге – 44 179 мың теңге;

техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге – 101 108 мың теңге;

Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 531 мың теңге;

мүгедектерді әлеуметтік қолдауға – 360 721 мың теңге;

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 50 050 мың теңге;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға – 6 561 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялауға – 207 366 мың теңге;

жастар практикасына – 644 366 мың теңге;

NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға – 703 315 мың теңге;

қоғамдық жұмысқа – 1 028 894 мың теңге;

мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге – 584 070 мың теңге;

жаңалық телебағдарламаларының трансляциясын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 5 953 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 2 079 687 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 26 294 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 430 964 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға – 1 291 960 мың теңге;

ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 16 156 003 мың теңге;

ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 7 717 947 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 303 790 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге – 2 889 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге – 14 321 мың теңге;

«Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға – 1 818 902 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 874 715 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 249 390 мың теңге;

көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 94 171 мың теңге;

медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне – 612 мың теңге;

қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге – 348 746 мың теңге;

вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 1 305 411 мың теңге;

саламатты өмір салтын насихаттауға – 19 158 мың теңге;

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 95 622 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге – 87 066 мың теңге;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға – 330 068 мың теңге;

дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 595 237 мың теңге;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 1 101 708 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 39 000 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге – 1 848 163 мың теңге;

көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 520 655 мың теңге;

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 250 000 мың теңге;

көліктік инфрақұрылымды дамытуға – 800 000 мың теңге;

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге – 1 200 000 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит беруге – 1 733 040 мың теңге;

облыс орталықтарында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге – 500 000 мың теңге;

ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге – 97 213 мың теңге;

объектілерді күзету функцияларын бәсекелес ортаға беруге – 9 223 мың теңге;

халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге – 1 418 689 мың теңге;

жылу-энергетика жүйесін дамытуға – 805 818 мың теңге;

кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беруге – 431 174 мың теңге;

жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беруге – 37 940 мың теңге;»;

9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«9. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттер 8 555 974 мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

4 372 184 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

4 183 790 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;

12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«12. 2021 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 1 300 000 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

2021 жылға арналған облыстық бюджет

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                            Б.Қонысбаева