Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы болып өтті

Бүгін облыстық мәслихаттың  үлкен залында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы М.Мұқаевтың төрағалық етуімен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы болып өтті. Фракция жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, мәдениет басқармасы, ауыл шаруашылығы мен білім басқармасының басшылары   онлайн  және офлайн түрде қатысты.

Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сай       лауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – Жол картасының орындалуының барысы бойынша мемлекеттік органдардын есептерін тыңдау, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру жүйесін дамыту бойынша мәселелер қарастырылды.

Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Т. Каюпов сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша   жол картасы негізінде,  облыс дамуының  7 басым бағытындағы атқарылған іс шаралар туралы ақпарат  беріп өтті. Облыстық мәслихаттың депутаттары Т.Тлемисов жол мәселесіне, А. Бисенов спорт кешенінің,  А. Ермекқалиев  мәдениет үйінің құрылысына қатысты сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ж.Халиуллин жол картасы аясында ауыл шаруашылығы басқармасына 13 пункт қарастырылғандығы және осы іс-шаралардың орындалғаны туралы баяндама   барысында, сүт кешенін салу және іске қосу, заманауи 3 жылыжай кешенін салу оны іске қосу, сыйымдылығы жоғары жеміс-көкөніс сақтау орындарын, құс фермасын салу және бордақылау алаңын құру, мал шаруашылығында смарт-фермалар құру және цифрландыру элементтерімен жабдықталған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу туралы мәселелерге тоқталды.

Өз кезегінде, Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасының басшысы А.Мыңбаева жол картасында білім саласы бойынша қарастырылған шаралардың орындалуы барысы туралы  айтып өтіп, бюджет қаражаты есебінен мектеп және медициналық жоғары оқу орындары түлектеріне гранттар  бөлу, барлық мектептерді санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, мектеп асханаларының құрал жабдықтарын ауыстыру және оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу,  деңгейлері бар педагогтардың  үлесін арттыру, барлық мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

М. Мұқаев фракция отырысын қорытындылай келе,  талқыланған мәселелер хаттама  түрінде рәсімделетінін  сонымен қатар, Жол картасы бойынша басымдықтардың орындалу барысы  депутаттардың қадағалауында болып, атқарылған іс -шаралар  алдағы уақытта да тыңдалатынын жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок