Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы болып өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  М.Мұқаевтың төрағалық етуімен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы болып өтті.

Фракция жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева, облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері   қатысты.

Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – Жол картасының орындалуының барысы бойынша мемлекеттік органдардың (БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациалық даму, БҚО  табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының)  есептерін тыңдау  және фракцияның 2022 жылға арналған  жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер  қаралды.

Депутаттар   Жол картасының орындалуына қатысты  басқармалардың есептерін тыңдап,  Сайлауалды бағдарламаны  іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысты  сұрақтарын қойды.

Отырыс барысында депутаттар  ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатына  мемлекеттік қолдауды талап ететін  мәселелер  бойынша ұсыныстар беру, қатты тұрмыс қалдықтары бойынша  Экология министрлігіне хат жазу,  Муратсай су қоймасын қаржыландыру туралы  сондай-ақ,    фракцияның 2022 жылға  арналған  жоспарына қатысты     мәселелер көтерді.

М. Мұқаев фракция отырысын қорытындылай келе,   басқармаларға жол картасы бойынша    шаралардың  орындалуы  үнемі депутаттардың  қатаң қадағалауында болатындығын  жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок