Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Бала тәрбиесі – басты назарда

Бала тәрбиесі үшін ата –ананың ролі өте зор. Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылатын талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, табиғат сыйлаған дарыны болса оны дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата- ананың басты парызы. Бүгінгі оқушы ертеңгі үлкен азамат, кәсіп иесі.

Қоғамдағы аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды қолдау мақсатында, оларға дұрыс бағыт беру, ортаға бейімдей отырып, көмек қолын созу бағытында игі жобалар іске аса бастады.

Осы бағытта облыстық мәслихаттың депутаты Л. Тұрсынова басшылық ететін Іскер әйелдер одағы «Партадан жалақыға дейін» атты жобаны іске асыруды қолға алып отыр.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – іскер әйелдердің жасөспірімдерді 8-ші сыныптан бастап, мектеп бітіргенше одан әрі, жоғарғы немесе орта оқу орнына түскенше, әрі қарай жұмысқа тұрып, еңбекақысын алғанша ілесіп жүріп, қадағалап отыру болып табылады. Сонымен қатар, іскер әйелдер балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығын анықтап, өнерге немесе спортқа деген қабілетін дамытуға көмектесетін болады. Қазіргі таңда әзірге 8 сыныпта оқитын 4 оқушы іріктелініп алынып, осы жоба бойынша қызу жұмыстар жүргізілуде.

рисунок

рисунок