Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Ауыл әкімдерін сайлау

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын. Бұған дейін округ әкімдері жанама түрде аудандық мәслихат арқылы сайланса, енді жергілікті халық өз таңдауын жасайтын болады.

Мемлекет басшысы  «Алдағы сайлау – саяси жүйеміздің кемеліне келгенінің белгісі ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың демократиялық даму жолына нық қадам басқанын білдіреді» – деп атап өткен болатын. – «Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл-біз үшін стратегиялық мәні бар айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік».

Ендігі кезекте халық өз таңдауын дұрыс жасап, елге керек басшыны сайлап алуы тұр. Ауылдық жердің тұрғындары сайлау күні өздерінің сайлау құқықтарын белсенді пайдаланып, сайлау учаскелеріне белсенді түрде келеді деп күтілуде. Өйткені сайлап алған әкіммен бірлесіп алдағы 4 жылда жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз ету, ауылды абаттандыру сияқты бірігіп атқаратын мәселелер бар. Сондықтан барлық сайлаушыларды 25 шілде күні өз таңдауларын жасауға шақырамын.

 

 

Облыстық мәслихат хатшысы                                                     Б. Қонысбаева