Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Ақтау, Ардақ ауылдық округтерін аралап, салынып жатқан кейбір әлеуметтік нысандардың тыныс тіршілігімен танысты

Кеше  1 қараша  күні   Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б. Қонысбаева мен облыстық мәслихаттың депутаты  А. Бисенов  жұмыс сапарымен Шыңғырлау  ауданына келіп, аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова және аудандық мәслихат хатшысы С.Қазиевпен бірге  Ақтау, Ардақ  ауылдық округтерін аралап, салынып жатқан кейбір әлеуметтік нысандардың тыныс тіршілігімен танысты.

Балабақша, мектеп, медициналық,  мәдениет мекемелерінде болып, қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында  депутаттар  қыс мезгіліне  дайындық,  мал азығын дайындау,  мектепте оқушылар санының толық болуы сынды тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелерді тыңдап, өз пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ,   депутаттар Ақбұлақ ауылындағы жаңадан салынып жатқан мәдениет үйінің  құрылысымен  танысып, құрылыстың жүру барысына қатысты тиісті деңгейде ұсыныстарын берді.

Сапар соңында облыстық  мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева  аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында  қоғамдық қабылдау өткізіп,  тұрғындар көтерген мәселелер бойынша кеңестер берді.

рисунок

рисунок

рисунок