Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Апталық шолу

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттары ағымдағы аптада облыстың тұрғындарын қабылдап, әр түрлі іс шараларға қатысты. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттары Ғанимат Нұрмұханов, Сәбира Сүндетова, Аркадий Рубцов пен Нұрлан Серғалиев Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Облыстық мәслихат депутаттарының атқарған қызметтерін атап өтсек.

2021 жылдың 18 қазанында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Асқар Серікұлы Мерғалиевтің төрағалығымен Кәсіпкерлер палатасының Батыс Қазақстан облысы бойынша Өңірлік кеңесі жанындағы ШОБ дамыту мәселелері бойынша Комитетінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде облыс әкімдігі мен БҚО КП бірлескен қорымен құрылған «Aqjaiyq Atameken» МҚҰ ЖШС арқылы микрокредиттеу мәселелері бойынша ұсыныстар талқыланды және әзірленді, жұмыс берушілерге вакцинацияланбаған азаматтарды жұмысқа жіберуге шектеулерді енгізу, сондай-ақ «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалынан техникалық шарттарды ұсынуға тыйым салу туралы мәселелер қарастырылды.

2021 жылдың 19 қазанында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қонысбаеваның төрағалығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде 20 қазанда өтетін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 7-ші сессиясында қаралатын мәселелер көтеріліп, талқыланды. Отырыс барысында депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, жергілікті басқармалар өз тұжырымына сәйкес жауаптар берді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары облыстық бюджет туралы, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы және адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және олардың саудасына қарсы күрес мәселелері жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы облыстық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдердің жобасын сессияда қарауға ұсынды. Сонымен қатар, депутат Шаттық Өтебалиева тарапынан қосымша ұсыныстар енгізіліп, кезектен тыс 7-ші сессиясының қарауына енгізді.

2021 жылдың 20 қазанында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Бибигүл Тишанқызы Қонысбаеваның төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 7-ші сессиясы өтті. Сессияға облыстық мәслихаттың депутаттары, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев, оның орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, қала және аудандық мәслихат хатшылары, облыстық басқармалар басшылары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде облыстық мәслихат депутаттары облыстық бюджет туралы, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы және адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және олардың саудасына қарсы күрес мәселелері жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы облыстық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерді қабылдады. Сондай-ақ, депутаттар тарапынан Орал қаласының әуежайына Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсыныс Республикалық ономастикалық комиссияға жолданды. Облыс әкімі Ғали Нәжімедденұлы депутаттар қойған сауалдарға жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып кетті.

2021 жылдың 21 қазанда облыстық мәслихат депутаты, «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпакулованың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік осал топтарының мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Республикалық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының 84,85 – тармақтарының, «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасының 76-шы тармағының орындалу барысы талқыланды.

Дәл осы күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Әлия Салиева «NUR OTAN» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Азаматтар пәтер иелерінің кооперативін жойып, меншік иелерінің бірлестігін құру мәселелері көтерді. Қабылдау барысында көптеген маңызды сұрақтар қойылып, барлық сұрақтарға жауаптар мен ұсынбалар берілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 22 қазанында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Әлия Салиева облыста ұйымдастырылған «Парасатты отбасы» және «Жемқорлық – індет, жою – міндет» байқауына комиссия мүшесі ретінде қатысты. Байқауда 116 отбасы өз бақтарын сынады. Комиссия қорытындысы бойынша арнайы номинация иегерлері мен жеңімпаздар дипломдармен қоса бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Апта барысында өзекті мәселелердің бірі Су Кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылау облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясында жалғасуда. Комиссия отырысы М.Мұқаевтың төрағалық етуімен өтуде. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары А.Алпысбаев, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, облыстық мәслихат депутаттары А.Салиева, С.Жарылғапов, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Мұхамбетқалиев Қ.Қ., БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Хамидуллин Б.Ж., БҚО Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Отаров А. А., облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Н.Ғайтпаева және ZOOM бағдарламасы арқылы Орал қаласы және аудан әкімдері қатысты. Комиссия отырысында аудан әкімдері тарапынан бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар берілді, соның ішінде техникалық сумен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.

23 қазанда Орал қаласының 10-шы шағын ауданында, “Мұрагер” балабақшасы мен Дзюдо орталығының қасында тазалық айлығы аясында облыс әкімі Ғ.Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева мен депутаттары М.Мұқаев, Ш.Өтебалиева, Ә.Мырзахметова, Т.Тлемісов, А.Рубцов, Орал қалалық мәслихатының депутаттары және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ағаштарды отырғызу акциясы өткізілді. Акция барысында 400 терек және 150 дана үйеңкі отырғызылды.

Осы және басқа да өзекті мәселелер бойынша келесі аптада талқылау және қарау жоспарлануда.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок