Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Апталық шолу

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары  осы апта ішінде әр түрлі іс-шараларға қатысып, тұрақты комиссиялардың отырыстарын өткізді.

Апта  басында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты  Жастар форумы болып өтті.  Форумға облыс әкімі Ғ.Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, облыс көлемінде  әр салада іскерлігімен, алғырлығымен көзге түсіп  үлгілі еңбек етіп жүрген  жас буын жастар өкілдері қатысты.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырып өтізілген  жастар форумында үздіктер анықталып, марапатталды. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты  Алтынбаек  Ермекқалиев «Жыл үздігі-2021»  Батыс Қазақстан облысының жастар сыйлығы «Үздік жас тілші» аталымының жеңімпазы  атанды.

Жалпы жастарды қолдау, оларға мемлекет тарапынан  көмек көрсету, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып келеді.     Айта кетсек, жас спикерлердің ішінде мемлекет тарапынан қолдау тауып,  жеңілдетілген несие алып, өз істерін бастап еңбек етіп жатқандар жетерлік. Мысалға алсақ,  Г.Төлеген  әлеуметтік салада өзінің 16 оңалту орталығын ашып, 360 адамды  қамтып отырса,   С.Ильясов тіс емдейтін  өзінің емханасын, Р. Ассауп кафесін  ашып, халыққа қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, форум барысында жас кәсіпкерлер бизнестің қыр –сырымен, тәжірибелерімен бөлісті. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды қолдау мақсатындағы шаралар   алдағы уақытта  да   жалғасын табатын болады

Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткен республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығының  «Туған өлке» аталымына  жерлесіміз, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ержан Хасанов ие болды.

«Атамекен» өнер ордасында болып өткен  мерекелік  шараға ҚР Президентінің тапсырмасымен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.Нығметуллин, облыс әкімі Ғ.Есқалиев, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, депутаттар, облыстың танымал тұлғалары, қоғам қайраткерлері, ардагерлер қатысты.

Шара барысында Мәжіліс  спикері Н. Нығметуллин ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша  ерекше көзге түскен батысқазақстандықтарға мемлекеттік  наградаларды табыс етті.

Шарада облыстық мәслихаттың депутаты  Тұрарбек Тлемисов «Құрмет» орденімен марапатталды.

Облыстық  мәслихаттың  депутаты И.Габдуллин  Бөкейордасы ауданы білім беру бөлімінің «Балдәурен» бөбекжайы ұжымының  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесіне орайластырып өткізген  Елбасының «Елдің жеті тұғыры»  тақырыбындағы шараға қатысты. Шара барысында

И.Габдуллин   Елбасы көрсеткен төртінші тұғырына тоқталып,  отбасы мен салт  дәстүрді сақтап, елдің ертеңі болар  ұрпаққа   құндылықтарды  қастерлеуді  үйретуде  саналы ұрпақ тәрбиелеу  басты парыз екендігін, өткізіліп отырған шараның  осы орайда тәрбиелік мәні зор екендігін айтып, ықыласын білдірді.

Апта ортасында облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева бастаған Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының ұжымы және Зашаған кентінің әкімі А. Әубәкіров және  әкім аппаратының мамандарымен бірге, Зашаған  ауылындағы Мөңке би көшесіндегі алаңға бір түп шырша отырғызды.

Орал қаласының   жасарып жаңаруына, экологиялық таза болуына  бағытталған  бұндай  игі шара соңғы кезде  облыстық мәслихаттың депутаттарының бастауымен жалғасын табуда.

Апта соңына қарай, облыстық мәслихаттың үлкен залында  сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне арналған  республикалық конференция болып өтті.

Конференция  жұмысына облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, облыстық, қалалық  мәслихат депутаттары,  ҚР  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  БҚО бойынша департаменті РММ  бастығы Р.Ақмырзаев,  мемлекеттік  жергілікті басқару органдардың өкілдері,   аудандық  ҮЕҰтөрағалары,  қоғамдық кеңестердің мүшелері, этно-мәдени, діни  бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында  «Жаңару» РҚБ,  «Саналы ұпақ» РК, «Транспаренси Казақстан» ҚҚ,  «Әділдік жолы»  РҚБ  Орал филиалының  басшылары, «Ақжайық – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты А.Салиева,  өз  баяндамаларында  қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы  ҮЕҰ мен эксперттік қауымдастықтардың ролі,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды талап ететін мәселелер, мемлекет және азаматтық  қоғам арасындағы байланыс пен ынтымақтастық ,   құқықтық біліктілікті арттыру  туралы мәселелерді көтерді.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының   тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы  болып өтті.  Комиссия отырысын  облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева жүргізді.

Комиссия отырысына  облыстық мәслихаттың   тұрақты комиссиялардың төрағалары,  мүшелері,     облыстық  басқармалар мен департаменттердің өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде   облыстық мәслихаттың  кезекті 8 –ші сессиясындағы    мәселелер   қаралды. Айта кетер болсақ,  сессия құжаттары осыған дейін, барлық салалық тұрақты комиссияларда қаралып, талқыланған болатын.

Отырыс барысында  БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Каюпов  2022- 2024 жылдарға арналған облыстық үшжылдық бюджеттің  жобасы мен республикалық бюджеттен  бөлінетін  нысаналы  трансферттер   туралы айтып өтіп, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің болжамдарына тоқталып, шешім жобасын қолдауды ұсынды.

Депутаттар бюджетті талқылау барысында  жол картасы,  қаржыландыруды қажет ететін мемлекеттік бағдарламалардың  орындалуы, ауылшаруашылығына қатысты субсидия,  жайылым жетіспеушілігі,   малды сырғалау және  жолаушыларды тасымалдау мен үлгілік  қағидаларға қатысты  мәселелер көтерді.

Отырыс барысында депутаттар сондай-ақ,   күн тәртібіндегі    облыс аумағын дамыту бағдарламасы мен кейбір қағидаларға енгізілетін   өзгерістер және БҚО ауызсумен жабдықтаудың  баламасыз көздері болып табылатын сумен  жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың  бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін  бекіту туралы мәселелерді талқылады.

Күн тәртібіндегі бұдан басқа ұйымдастыру мәселелері  депутаттар тарапынан қолдау тапты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок