Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Апталық шолу

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары  осы апта ішінде     әр түрлі іс-шараларға қатысып, онлайн кеңестер өткізді.

Апта ішіндегі болып өткен іс шараларға шолу жасайтын болсақ, апта басында  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б. Қонысбаева  қалалық, аудандық мәслихат хатшыларымен   ZOOM  форматында  кеңес  өткізді.  Күн тәртібінде «Нормативтік  құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы  ғылыми сараптамадан өткізу мәселелері» қаралды.

Кеңесте  «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жалпы ұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі  төрағасының орынбасары

М. Семғалиев  мәслихат хатшыларына  өткен жылдан бастап қолданысқа енген НҚА-ға  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың  қорытындысы туралы  ақпарат берді. Мәслихат  хатшылары  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  ғылыми сараптамаға қатысты сұрақтарын қойып,   ұсыныстарымен  бөлісті.

Облыстық мәслихаттың    депутаты   И. Габдуллин  шалғайдағы шаруаларға барып   қысқы   мал азығының   дайындығын   біліп қайтты.

Облыстық мәслихатының хатшысы Б. Қонысбаева  «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы жанындағы  экологиялық  қоғамдық  Кеңестің  онлайн отырысына қатысты.     Кеңес мүшелері  «Батыс Қазақстан облысының  экологиялық аспектілері   туралы»   мәселені   қарап,    облыстың экологиялық жағдайы, Жайық өзенінің тартылуы, жасыл екпелер туралы  мәселелерді көтерді.

Аптаның ортасында  облыстық мәслихаттың хатшысы  Б.Қонысбаева  ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама,сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің «Балалардың құқықтарын  қорғау жөніндегі  қызметті  заңнамалық реттеу, кәмелетке  толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында  болып  өткен  онлайн дөңгелек үстелге   қатысты.

Дөңгелек  үстелге қатысушылар қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отырған бала тәрбиесі,  олардың құқықтарының қорғалуы, кәмелетке толмағандарға қатысты  құқық бұзушылықтың алдын алу  және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысындағы атқарылып жатқан іс-шаралар мен  жоспарлар туралы  ақпараттармен бөлісті.

Облыстық  мәслихаттың   депутаттары  А.Мырзахметова, Б.Ізмағамбетов және  әлеуметтік – мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының   төрайымы А.Салиева  Орал қаласы әкімдігі жанындағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл  бойынша комиссияның отырысына қатысты. Отырыста депутат А.Салиева  ішкі істер қызметінің азаматтық қоғам және ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері үшін  ашық әрі қолжетімді  жұмыс жасап  жатқандығын,оның бір үлгісі ҚР- да құрылған сервистік полиция қызметінің  тұрғындарға сапалы  қызмет көрсету мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде    атқарып жатқан  қызметі екендігі туралы  өз пікірімен бөлісті.

Облыстық мәслихаттың депутаты Ш.Өтебалиева «AQJAIYQ» арнасының «Мəслихат» бағдарламасында Тасқала аудандық мәслихатының хатшысымен өткен тікелей эфирге қатысты.

Апта соңына қарай Нұр-Сұлтан  қаласында облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева  және облыстық мәслихат депутаттары  Ф.Бахтиозин және А.Бисенов ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Төреғалиевпен бірге тиісті  министрліктер өкілдерімен кездесіп, облыстағы  өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар  Б.Қонысбаева 19 қараша күні   өзге облыстардың мәслихат хатшыларымен бірге   ҚР Парламенті Сенатының төрағасы  М.Әшімбаевтың қабылдауында болып,  ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына кейбір өзгерістер енгізу туралы  ұсынысын жеткізді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок