Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Апталық шолу

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары осы апта ішінде облыстың қоғамдық қабылдаулар өткізіп, әр түрлі іс-шараларға қатысып, іс сапарларға шықты.

Апта ішіндегі  болып өткен іс шараларға шолу жасайтын болсақ, апта басында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б. Қонысбаева мен облыстық мәслихаттың депутаты А.Бисенов жұмыс сапарымен Шыңғырлау  ауданында болып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдаймен,салынып жатқан кейбір әлеуметтік нысандардың тыныс тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, депутаттар Ақбұлақ ауылындағы жаңадан салынып жатқан мәдениет үйінің  құрылысымен  танысып, құрылыстың жүру барысына қатысты тиісті деңгейде ұсыныстарын берді.

Сапар соңында облыстық  мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева  аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында  қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар көтерген мәселелер бойынша кеңестер берді.

Аптаның ортасында  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кіші залында  облыстық  қоғамдық Кеңестің төралқа отырысы  оздырылып, онда спорт, ауылшарушылығы және әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері қаралып ұсынымдар алынды. Осы күні   облыстық  мәслихаттың әлеуметтік – мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының   төрайымы А.Салиеваның төрағалығымен  жұмыс тобының отырысы болып өтті. Отырыста бұған дейін  көтерілген Ауған ардагерлері мен Чернобыль  мүгедектерінің  өтініштері туралы мәселе қаралды.

Сондай-ақ, облыстық  мәслихаттың депутаты А.Салиева  «Ақжайық Адалдық алаңы» жобасы кеңсесінде облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың төрағалық етуімен өткен  «Шаңырақ» балалар үйіндегі қамқорлықсыз қалған  жетім балалардың  мәселелерін шешу бойынша кеңеске қатысып, оларды  баспанамен қамтамасыз ету  туралы қолдауын жеткізді.

ҚР Президентінің жанындағы  мемлекеттік басқару Академиясы БҚО филиалында,  облыстық мәслихаттың хатшысы  Б.Қонысбаева  жаңадан сайланған  ауыл әкімдерімен кездесіп,   тәжірибелік  оқу  сағатын  өткізді.

Б. Қонысбаева  оқу барысында,  ауылдық округтердегі  жергілікті өзін –өзі басқару  органдарын жетілдіру,  4-ші деңгейдегі бюджет мәселесі туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар,   ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының БҚО филиалында, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі  мәслихат депутаттары үшін «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін арттыру»  тақырыбында  семинар-тренинг  болып өтті. Семинарға облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қонысбаева және барлық деңгейдегі  мәслихат депутаттары қатысты. Семинардың мақсаты – мәслихаттың рөлін, әлеуетін күшейту, соның ішінде құқықтық сауаттылықты  күшетуге  баса мән беру, депутаттардың  сайлаушылармен әзара  әрекеттесуінің тиімді формаларын ұсыну, оған қоса мәслихат  қызметі мен бюджеттік  процестердің ашықтығына  байланысты  сұрақтарды талқылау болды.

Облыстық мәслихаттың депутаттары А.Серғалиев пен Б.Ізмағамбетов  Facebook  әлеуметтік желісінде тікелей  эфирге шығып, тұрғындар қойған сұрақтарға жауап берді.

Апта соңында,  облыстық мәслихаттың депутаты Ш.Өтебалиева  жас отбасыларды, аналарды қолдау, салт-дәстүрді бағалау мен сақтау бағытында,  облыстық жастар ресурс орталығының  ұйымдастыруымен өткен  облыстық «Жас келіндер» байқауына қатысты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок