Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Апталық шолу

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттары ағымдағы аптада облыстың тұрғындарын қабылдап, әр түрлі іс шараларға қатысты. Өткен аптада Облыстық мәслихат депутаты Нұрғазы Сәтпаев Теректі ауданында өткен «Алтын шуақ» қоғамдық бірлестігінің 23-ші шығармашылық фестиваліне қатысты. Фестиваль жеңімпаздары Гүлзада Бисенова мен Әділхан Оралбаев облыстық конкурста аудан атынан өнер көрсететін болдытеректіліктерге облыстық конкурста аудан намысын лайықты қорғауға сәттілік тіледі.

2021 жылдың 22 қазанында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ляна Тұрсынова облыстық «Ақжайық» телеарнасында Лаура Бекбулатованың тікелей эфирінде «Күншуақ» бағдарламасында қонақта болды . Эфирде қала және Ақжайық ауданынан қолөнер шеберлері, БҚО ІӘК мүшелері, Жастар МҮ құрақ-көрпенің көрме-сатылымына қатысушылар қатысты. Нұрслу, Самал және Құндыз өздерінің үздік топтамаларын көрсетіп , Қазақстанның қазіргі заманғы көркем мәдениетінің іргетасы болып табылатын қазақ халқының ұлттық сәндік – қолданбалы өнерін паш етті. Жыл сайын осындай көрмені көп қатысушылардың қатысуымен өткізу жоспарланды. Қолөнер шеберлігін дамыту өзіне ерекше назар аударуды талап ететінін және белгілі бір преференциялар түрінде мемлекеттік көмек қажет екенін атап өтті. Кездесу оң, жемісті өтті, ең бастысы-қолөнершілер үлкен ынтамен және болашаққа жоспарлармен кетті.

2021 жылғы 22 қазанда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ляна Тұрсынова «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты ретінде қоғамдық кеңестің отырысына қатысты. Күн тәртібінде еліміздің жер қатынастары және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері қаралды. Жер қатынастары басқармасының басшысы М.Өмірәлиев және денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Қалибеков сөз сөйледі.

2021 жылдың 25 қазанында «Ақжайық Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, облыстық мәслихат депутаты А.Салиева балалар үйлері түлектерінің өкілі М. Қызылбасовпен кездесті. Кездесуге қала әкімінің орынбасары М.Мүлкәй, «Жайық Аманаты» ЖШС басшысы С. Мұқашев және БҚО қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында қала әкімдігі балалар үйінен шыққаннан кейін ғана тұрғын үйге кезекке тұрған балаларға көмек көрсетудің шешу жолдарын іздестіріп, уақытша тұрғын үй түрінде көмек көрсетпекші. Сондай-ақ, түлектерге сот шешімі бойынша тұрғын үй алу үшін кезекке тұру мүмкіндігін пайдалануды ұсынды және бұл жағдайда заң көмегі көрсетілетіндігі айтылды.

2021 жылдың 25 қазанында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының үлкен залында облыстық мәслихат депутаты Ә.Сәлиеваның төрағалығымен Ауғанстан ардагерлерінің одағы және Чернобыль мүгедектері мен ардагерлерінің өтініштері бойынша Әлеуметтік – мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, қала мәслихат хатшысы Е.Калиев және облыстық басқармалалар басшылары қатысты. Күн тәртібінде отырысқа қатысқандар өз ойларын ортаға салып Ауғанстан ардагерлерінің одағы және Чернобыль мүгедектері мен ардагерлерінің қазіргі таңдағы жай-күйі туралы мәселелерді қарады.

Бүгін облыстық мәслихаттың үлкен залында облыстық мәслихаттың қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының Су Кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылау туралы қорытынды отырысы өтті. Комиссия отырысы М.Мұқаевтың төрағалық етуімен өтті. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева, облыс әкімінің орынбасары А.Алпысбаев, облыстық мәслихат депутаттары С.Жарылғапов, М.Жәкібаев, Т.Тлемисов, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Мұхамбетқалиев Қ.Қ., БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Хамидуллин Б.Ж., БҚО Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Отаров А. А., облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Н.Ғайтпаева және ZOOM бағдарламасы арқылы аудан әкімдері қатысты.

27 қазанда Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Ф.Бахтиозиннің төрағалығымен “Nur Otan” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы аймақтық экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде:

– ауылдардағы, шағын қалалардағы және қалалардағы несиелендіру;

– ауылдардағы, шағын қалалар мен қалалардағы шағын несиені/несиені кепілдендіру мәселелері қарастырылды.

Ағымдағы жылдың 26-28 қазанында облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаеваның төрағалық етуімен облыстық мәслихат депутаттарының, сондай-ақ БҚО әкімдігінің басқармаларының және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшыларының, БҚО полиция департаменті басшысының орынбасары А.Серіковтың қатысуымен 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылау бойынша отырыс өтті.

Облыстық мәслихат депутаттары апатты және үш ауысымды мектептер салу, мектептерді күрделі жөндеу, сондай-ақ қала мен аудандарда тұрғын үй салу, сумен жабдықтау, білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, автомобиль жолдары, тұрғын үй, энергетика, ақпараттандыру, ішкі саясат, мемлекеттік сатып алу және басқа да мәселелерді талқылап, ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, талқылау барысында «Nur Otan» партиясының алдағы жоспарланған кезеңге арналған сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шараларды орындау мәселелері қаралды.Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаты, «Ақжайық Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Салиева өзекті семинар-тренинг жұмысына қатысып, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция инспекторларына спикер ретінде сөз сөйледі. Семинар БҚО полиция департаменті басшылығының қолдауымен ұйымдастырылды. Семинарда БҚО ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторларының алдында БҚО – ның белгілі қоғам қайраткерлері-отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі сарапшылар сөз сөйледі.

Депутат Тұрарбек Тілемісов Қазақстан Республикасының 30 жылдығына сәйкес қалада ағаш отыруды ұйымдастырып, эстафетаны Конденсат, Uniserv тағы да басқа мекелерге жолдады.

Депутаттар Т.Тілемісов пен Ш.Өтебалиева facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде сөз сөйледі.

Осы және басқа да өзекті мәселелер бойынша келесі аптада талқылау және қарау жоспарлануда.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок