Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы

Ағымдағы  жылдың  21 мамыры күні облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері  бойынша тұрақты комиссиясының отырысы  болып өтті.

Комиссия отырысына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Манкеев, облыстық мәслихат хатшысы  Б.Қонысбаева, облыстық мәслихат депутаттары, ауылшаруашылығы, жер қатынастары, БҚО облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалану басқармаларының, БҚО Атамекен кәсіпкерлер палатасының, облыс көлеміндегі шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.

Отырысты комиссия төрағасының орынбасары С.Жарылғапов жүргізді.

Күн тәртібінде  асыл тұқымды  түрлендіруге берілетін несиелер бойынша сыйақы  мөлшерін азату, бірыңғай  аграрлық салық төлемдері, полигон жерлерін шабындық пен мал жайылымына пайдалану, Жәнібек және Ақжайық аудандарындағы несиелік серіктестіктерінің  проблемалары және  жұмыс күшіне қатысты квота беру туралы мәселелер қаралды.

Батыс Қазақстан облысының ауылшарушылығы басқармасының басшысы Ж.Халиулиннің баяндауынша, ауылшарушылығын қолдауға бөлінетін қаражат жыл сайын көбея түсуде,  оның ішінде мал шаруашылығын қолдау 2015 жылмен салыстырғанда 3 есеге көбейген.

Облыс  әкімінің орынбасары М.Манкеев  субсидиялау  бойынша сыйақы  процентін  қаржыландыру    мәселесінің  ауылшаруашылығы министрлігімен келісіліп, осы жылдың аяғына дейін шешілуі тиіс деген  өз пікірін жеткізді.

Отырыс барысында сондай-ақ, ауылшаруашылығына салынатын салық жеңілдіктерін қарастыру, субсидиялау ережесі мен салық Кодексіне өзгерістер енгізу, ауылшаруашылығы мамандарының жетіспеушілігі,   квота беру туралы  мәселелерге  қатысты    ұсыныстар талқыланды.

Сондай-ақ, отырыс барысында шаруа қожалықтары мал азығы мен мал жайылымының жетіспеуі салдарынан  полигон  жерлерін шабындық пен мал жайылымы үшін пайдалу туралы  өтініштерін жеткізді.

Бұл ретте, облыс әкімінің орынбасары М.Манкеев  ведомстоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, ол жерлердің әзірге қайтарылмайтынын, бірақ бұл мәселенің күн тәртібінде тұрғандығын  жеткізді.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша  ұсыныстар  хаттама түрінде рәсімделінетін болады.

рисунок

рисунок