Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы

Бүгін  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы  болып өтті. Отырысты  комиссия төрағасы М.Жәкібаев  жүргізді.

Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаева, еңбек ардагері, қоғам белсендісі Т.Сапаров, облыстық ауыл  шаруашылығы,  жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу  басқармаларының, «Казсушар» РМК, «Жайықгидрогеология» ЖШС –нің    өкілдері  қатысты.

Күн тәртібінде «Батыс Қазақстан облысында суландыру және ауыз су мәселелері»   қаралды.

Комиссия төрағасы М. Жәкібаев  комиссия отырысын  өткізудегі негізгі мақсат – қазіргі таңда  өзекті мәселенің бірі болып отырған   су мәселесін шешу жолдарын қарастыру, сол бағыттағы айтылар ұсыныстар негізінде  кешенді бағдарлама  жасау қажеттігі   туралы     айтып өтті.

Отырысқа  қатысушылар тарапынан сондай-ақ, су көздерін іздеу,    бөгеттер салу, суды үнемдеп пайдалану мен су  тапшылығын шешу үшін   арнайы бағдарлама  жобасын жасау  керек деген  ұсыныстар айтылды.

Отырысты  соңында қатысушылар,   облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімдерінің  қатысуымен  облыстық   және  аудандарда  ауылдық окургтері әкімдерінің қатысуымен  комиссия  және  кешенді бағдарлама жасау үшін  жергілікті атқарушы органдардың  және аудан әкімдерінің қатысуымен  жұмысшы тобын құру, сондай-ақ су көздерін қаншалықты тұтыну қажеттілігін ескеру туралы  ұсыныстарын жеткізді.

рисунок

рисунок