Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы

Бүгін  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының аграрлық мәселелер және табиғат пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы ZOOM  форматында болып өтті. Отырысты  облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева  жүргізді. Отырысқа облыстық мәслихат аппаратының  басшысы Ә.Жоламанов, облыстық мәслихат депутаттары, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала, Теректі, Тасқала  аудандардың  әкімдері, аудандық мәслихат хатшылары, депутаттары және  облыстық,  аудандық  ауыл  шаруашылығы,  жер қатынастары басқармалары мен бөлімдері қатысты.

Күн тәртібінде «2021 жылғы 18 мамырдағы Бөкей ордасы аудандақ мәслихат депутаттарының №25 шығыс хаты бойынша Мұратсай су қоймасының көлемін көбейту үшін су жеткізетін арналарға күрделі жөндеу жүргізу  және Жәнібек суармалы-суландыру жүйесі арқылы РФ келетін судың көлемін арттыру мәселелері», Батыс Қазақстан облысы аудандарында жайлымдарды суландыру және суару нысандарына байланысты туындаған мәселелер   қаралды.

Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева комиссия отырысын  өтізудегі негізгі мақсат – қазіргі таңда  өзекті мәселенің бірі болып отырған   су мәселесін шешу жолдарын қарастыру, сол бағыттағы айтылар ұсыныстар негізінде  тіршілік көзі  – су мәселесін қолға алу.

«Қазсушар» РМК бас гидротехнигі  Ш. Ермағамбетовтың айтуынша,  Мұратсай су қоймасының кезіндегі мақсаты  -егістікті  суармалау және жайылымдарды  суландыру болса,  қазіргі таңдағы бұл су қоймасына  жыл сайын  су айдалып,  пайдалануға  беріліп келеді.  Мұратсай су қоймасына ағымдағы жылы   2,5  млн текше метр  су жіберу  жоспарланып отыр.

Отырыс барысында,   аудан әкімдері өз  аудандарындағы  су  тапшылығын айта келе,  әлі күнге дейін  суды беру кестесінің  қалыптастырылмағандығын,   су келмегесін кейбір аудандар   ауыз суды  техикалық су ретінде пайдаланғандықтан , судың үнемделмей отырғандығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан Орда аумағындағы  жер асты су көздерінің тартылып бара жатқандығы салдарынан, қарағайлардың қурай бастағаны, Мұратсай су қоймасы арқылы  Қопаға су жеткізілсе,  бұл мәселенің де оңды  шешілетіндігі    туралы  ұсыныс айтылды.

Отырысқа  қатысушылар тарапынан сондай-ақ,  су көздерін іздеу,  гидротехникалық мамандар жетіспеушілігі,  қар суын бөгеу үшін  бөгеттер салу, суды үнемдеп пайдалану мен су  тапшылығын шешу үшін   арнайы бағдарлама жобасын жасау  керек деген  ұсыныстар айтылды.

Отырысты  қорытындылаған  облыстық мәслихат депуттаттары, су қоймалары нысандарын  жан-жақты зерттеумен  және аудандарға    бөлінетін суды  жіберу  бойынша жұмыс тобының құрамына  облыстық мәслихаттың депутаты С. Жарылғаповтың кандидатурасы мен аудан әкімдерін  ұсыну туралы  ұсыныстарын жеткізді.

рисунок