Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Ағымдағы жылдың 4 қарашасы күні облыстық қоғамдық Кеңесінің төралқа отырысы болып өтті

Кеңеске төралқа мүшелері, атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Отырысты Қоғамдық Кеңестің төрағасы Е.Салықов жүргізді.

Күн тәртібінде  БҚО спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының  (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, БҚО –да спорттың ойналатын түрлері бойынша ҚР құрама командаларының (ұлттық  құрама командаларының)  құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың  жетекшілеріне ай сайынғы  ақшалай  жабдықталым төлемдерінің  мөлшерін бекіту туралы»,    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы №31 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы  28 наурыздағы №7-4 «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін  төлемақының базалық ставкалары туралы» қаулысы және шешіміне өзгеріс енгізу туралы»,  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012  жылғы 6 желтоқсандағы  №227 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012  жылғы  7 желтоқсандағы  №5-3 «БҚО-да меншікке  немесе  жер пайлануға  берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен қаулы   және шешіміне өзгеріс енгізу туралы»,  Батыс  Қазақстан облысы әкімдігінің 2021  жылғы 17 ақпандағы  №18 «БҚО-бойынша  2021 жылға  асыл  тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шарушылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды  субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау туралы» қаулысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», Батыс  Қазақстан облысы әкімдігінің 2019  жылғы 13 тамыздағы  №205  «Сатып алынатын ауыл шарушылық  өнімінің  бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулысына  өзгеріс енгізу туралы» мәселелер қаралды.

Кеңес мүшелері аталған мәселелерді талқылай келе, спорт саласына қатысты  өз пікірлерін білдіріп, спортшылар қолдау мақсатында бұған дейінгі  бекітілген  нұсқасын   толық қолдайтындықтарын білдіріп, өзгеріссіз  қалдырды.

Төралқа отырысында сондай-ақ,  кеңес мүшелері  «БҚО Орал қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы», «БҚО кейбір елді мекендерін қайта атау туралы»  мәселелерді қарап талқылау барысында, көшелер мен елді мекендерді қайта атау кезінде берілетін атаулардың қайталанып кетпеуін қадағалау қажеттігі туралы ұсыныстарын жеткізді.

Отырыс соңында, төралқа мүшелері   күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ұсыным қабылдады.

рисунок

рисунок