Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Әлеуметтік мәдени-даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы

Бүгін облыстық мәслихаттың кіші залында  облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәдени-даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы А. Салиеваның төрағалық етуімен комиссия отырысы болып өтті. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева,  Облыстық Қоғамдық Кеңес төрағасы Е.Салықов, облыстық мәслихаттың қаржы,бюджет және аймақтарды дамыту  мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Ф.Бахтиозин, комиссия мүшелері Ж.Жақсығалиев,Б. Ізмағамбетов, Г.Батпақұлова, Ш. Утебалиева, А.Ермекқалиев және  С.Сүндетова  онлайн және офлайн  түрінде қатысты. Сонымен қатар комиссия отырысына облыстық басқармалар мен департамент өкілдері қатысты. Күн тәртібінде «Облыстық шақыру (жиын) пунктін  ренген және УЗИ аппараттарымен қамтамасыз ету»  мәселесі қаралды.

Отырыс барысында,  Батыс Қазақстан облысының  қорғаныс істері  жөніндегі департамент басшысы Р.Амирханов ҚР қарулы күштері, басқа да  әскерлері мен әскери құрылымдарды жасақтауда,  әсіресе   күзгі және  көктемгі  әскер қатарына шақырушыларды  әскери медициналық тексеруден өткізу кезінде,  облыстық  әскерге шақыру (жиын) пунктеріне рентген және УЗИ аппараттарының  қажеттілігін айта келе,  қолданыстағы заңдарға сәйкес,  аталмыш медициналық құралдарды  сатып алуға  жергілікті бюджеттен   қаражат   бөлуге қолдау көрсетуді  сұраған өтініштерін жеткізді.

БҚО  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Н.Гайтпаеваның  айтуынша,  көтеріліп отырған мәселеге қатысты   облыстық бюжеттен  бөлінетін қаражат  мәселесінің қазіргі таңда шешілмейтіндігін,   бұл мәселені  келесі жылдың  бюджетін нақтылау кезінде қарастыру мүмкіндігі  туралы  қысқаша түсінік беріп өтті.

Осы орайда,  депутаттар кейбір әскерге   шақырылушылар үшін медициналық сақтандыру полюсі жоқтығынан ауылдық, аудандық немесе  қалалық жерлердегі  емханалардан  ақылы түрде  өту қажеттілігі туындап    отырғандығын да тілге тиек етті.

Сондай-ақ, отырыс  барысында   депутаттар  мектептердегі ғаламтор желісі мен  қаладағы қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі туралы мәселелер көтерді.

Депутаттар  отырысты қорытындылай келе,  көтерілген мәселелерді қолдайтындықтарын білдіріп,  әскерге шақырушыларды  тегін сақтандыру полюсімен қамтамасыз ету үшін, қолданыстағы заңдарға  өзгерістер енгізу  туралы ұсыныстарын  тиісті  өкілетті  органдар мен  депутаттар атынан  ҚР Қорғаныс министрлігіне хат дайындау туралы шешімге келді.

рисунок

рисунок

рисунок