Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Әлеуметтік–мәдени даму және білім мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті

Бүгін  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының  әлеуметтік –мәдени даму және білім мәселелері бойынша  тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия жұмысын   облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева  жүргізді.

Комиссия отырысына  комиссия төрайымы  А. Салиева, комиссия мүшелері  Ш.Өтебалиева,  Б. Ізмағамбет,  Ж.Жақсығалиев, А. Ермекқалиев, С. Сүндетова және  облыстық  білім беру мен департаменттің,  денсаулық сақтау  басқармаларының  өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Батыс Қазақстан  облысының  білім саласының  сапасын жақсарту, балалардың жазғы демалысы, мектептердің қазіргі таңдағы жай-күйі туралы» мәселелер қаралды.

Батыс Қазақстан облысының  білім саласында  сапаны қамтамасыз ету  департаментінің  басшысы Г.  Сарсенғалиеваның баяндауынша, 2021 жылдың І жартыжылдығында 15 мектепке, 2 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық бақылау өткізілген,  тексеру барысына Ақжайық, Жаңақала    және Шыңғырлау аудандарындағы білім беру саласында білім беру ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары талаптарын бұзушылықтар  орын алған.

Сонымен қатар, Г.Сарсенғалиева   жалпы    Ұлттық білім беру деректер қорына жүргізілген мониторинг бойынша балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысындағы  жалпы білім беретін мектептердің бейне бақылаумен қамтылу көрсеткіші – 100% екендігін,  облыстағы 382 мектептің барлығында да  ішкі және сыртқы бейне бақылау камерасы орнатылғандығын айтып өтті.

Аталмыш мәселені талқылау барысында, Батыс Қазақстан облысының білім беру басқармасының  басшысы А.Мыңбаева  өз кезегінде,  қазіргі таңда  білім сапасын көтеру мақсатында бірнеше жұмыстар атқарылуда екендігін, балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу үшін жазғы лагерлерді  мектеп жанынан ашу жоспарлануда екендігін айта келе, облыс бойынша  мұғалімдердің  37%  пайызы екпе алғандығына тоқталып өтті.

Өз кезегінде  комиссия мүшесі Б.Ізмағамбет  мектептерді интернет жүйесімен толық қамтамасыз ету мәселесіне қатысты, жұмысшы тобын құрып,  сапаны бақылау  департаментінің өкілдерімен бірлесіп  аудан мектептеріне барып, тексеру қажет деген   ұсынысын жеткізді.

Осы мәселеге қатысты комиссия төрайымы  А. Салиева да көтерілген мәселелер бойынша тұрақты комиссияның атынан Парламент депутаттары мен  Білім министрлігіне хат жолдау керек деген     пікірін ортаға салды.

Сондай-ақ, отырыс барысында Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Ш. Дүйсенғалиева аудандағы  «Балдырған» балалар бақшасы мен Сырым колледжсына  жөндеу жұмыстарын жүргізу  туралы  мәселе көтерді.

Депутаттар отырысты  қорытындылай келе,  көтерілген мәселелерге қатысты кесте дайындап, сол бойынша жұмыстанатындықтарын жеткізді.

рисунок