Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтау

Құрметті  Батысқазақстандықтар!

Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары атынан және  өз атымнан құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады.

Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі

Мемлекеттік рәміздер ретінде ту мен елтаңба – егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері. Әнұран – осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының хатшысы                                                                           Б. Қонысбаева