Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Бүгінгі жаппай саяси репрессияның құрбаны болған адамдарды еске алу шарасы – Қазақстан тарихының трагедиялық беттерін еске түсіруге мүмкіндік береді. Біздің алдымызда тарихи естеліктер феноменін сақтау міндеті тұр.

«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР-ның 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес, қуғын-сүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды, қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды.

Сонда да, халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас. Бұл біздің Отанымыздың тарихындағы өзекті мәселе.

Өркениетті қоғамға қадам басқан   ел үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу – өте қажетті іс.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасының жарлығымен 1997 жылы 31 мамыр саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жариялануы – ұрпақ мойнына жүктелер парызға деген адамдықтың жарқын көрінісі.

Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазақтың әрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары – бәрі-бәрі бүгінгі ұрпақтың құлағында, жүрегінде, мәңгі есінде.

Сондықтан да, бүгінгі – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – Қазақ халқы үшін айрықша маңызға ие. Қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы.

Біздің борышымыз – осы қанқұйлы  жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған  азаматтардың есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақ санасына бабалар  аңсаған тәуелсіздікті, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай  білуге тәрбиелеу.