Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылау бойынша отырыс өтті.

Бүгін ағымдағы жылдың 28 қазанында облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаеваның төрағалық етуімен облыстық мәслихат депутаттарының, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің басқармалары басшыларының және БҚО Полиция департаменті басшысы орынбасары А.Серіковтың қатысуымен 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылау бойынша отырыс өтті. Облыстық мәслихат депутаттары Батыс Қазақстан облысы бойынша білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, автомобиль жолдары, тұрғын үй, энергетика, ақпараттандыру, ішкі саясат, мемлекеттік сатып алу және басқа да мәселелерді талқылап, ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, талқылау барысында «Nur Otan» партиясының алдағы жоспарланған кезеңге арналған сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шараларды орындау мәселелері қаралды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок