Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылау бойынша отырыс өтті

Ағымдағы жылдың 27 қазанында облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаеваның төрағалық етуімен облыстық мәслихат депутаттары Т.Тілемісов, М,Жәкібаев, С.Жарылғапов, Н,Сәтбаев, А,Мерғалиев, С.Ескендіров, Д.Галиметденова, А.Рубцов, Ә.Шәмшідін, И.Илемисовтың, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшыларының қатысуымен 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын талқылау бойынша отырыс өтті.

Облыстық мәслихат депутаттары Батыс Қазақстан облысы бойынша автожолдардың күрделі жөндеуі және соңғы кездерде жиеленіп кеткен жол апаттарын болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, талқылау барысында «Nur Otan» партиясының алдағы жоспарланған кезеңге арналған сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шараларды орындау мәселелері қаралды.

рисунок