Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

11.02.2021 жылы облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс отырысы өтті.

11.02.2021 жылы облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қонысбаеваның, әлеуметтік-мәдени даму және білім беру жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А. Салиеваның және денсаулық сақтау басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы сарапшыларының қатысуымен сирек кездесетін (орфандық) аурулары бар азаматтарды қолдау мәселесі бойынша облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс отырысы өтті.

Жыл сайын мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген аурулар тізбесі бойынша препараттарды сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 250,0 млн.теңге бөлінеді. Сонымен қатар, облыс аумағында қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін едәуір үлкен соманы талап ететін сирек кездесетін аурулар фактілері кездеседі.

Отырыс барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне аурудың мұндай түрлерін ҚР министрлігінің квотасына енгізу туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл мәселе облыстық мәслихат депутаттарының ерекше бақылауында болады.