Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

10 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.

Комиссия отырысын  облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева жүргізді.

Комиссия отырысына  облыстық мәслихаттың   тұрақты комиссиялардың төрағалары,  мүшелері,     облыстық  басқармалар мен департаменттердің     өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде   облыстық мәслихаттың  кезекті 8 –ші сессиясындағы    мәселелер   қаралды. Айта кетер болсақ,  сессия құжаттары осыған дейін, барлық салалық тұрақты комиссияларда қаралып, талқыланған болатын.

Отырыс барысында  БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Каюпов  2022- 2024 жылдарға арналған облыстық үшжылдық бюджеттің  жобасы  мен республикалық бюджеттен  бөлінетін  нысаналы  трансферттер туралы айтып өтіп, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің болжамдарына тоқталып, шешім жобасын қолдауды ұсынды.

Депутаттар бюджетті талқылау барысында  жол картасы,  қаржыландыруды қажет ететін мемлекеттік бағдарламалардың  орындалуы, ауылшаруашылығына қатысты субсидия,  жайылым жетіспеушілігі,   малды сырғалау және  жолаушыларды тасымалдау мен үлгілік  қағидаларға қатысты  мәселелер көтерді.

Отырыс барысында депутаттар сондай-ақ,   күн тәртібіндегі    облыс аумағын дамыту бағдарламасы мен кейбір қағидаларға енгізілетін   өзгерістер және БҚО ауызсумен жабдықтаудың  баламасыз көздері болып табылатын сумен  жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың  бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін  бекіту туралы мәселелерді талқылады.

Күн тәртібіндегі бұдан басқа ұйымдастыру мәселелері  депутаттар тарапынан қолдау тапты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок