Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Қоғамда жемқорлықпен күрес, оның алдын алу – баршамыздың басты міндетіміз тақырыбында онлайн-конференция өткізілді

25 наурызда  облыстық мәслихат аппараты мен «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан филиалының ұйымдастыруымен «Қоғамда жемқорлықпен күрес, оның алдын алу – баршамыздың басты міндетіміз тақырыбында онлайн-конференция өткізілді.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мәселелері конференцияның негізгі мәселесі болды.

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Д.Р. Рахметуллин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н. Сәмет, аудандық мәслихат хатшылары, КазИИУ ғылыми-білім кешенінің оқытушы профессор құрамы, студенттер мен магистранттар қатысқан бұл үлкен жиында Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева сөз сөйлеп, қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

рисунок

рисунок