Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК асханасын жалға алып күрделі жөндеу өткізу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру» МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы

Орал қаласы                                  №21-4-2                        7 желтоқсан 2018 жыл  

 

«Шаруашылық  жүргізу құқығындағы

«Облыстық клиникалық ауруханасы»

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның

асханасын жалға алып күрделі жөндеу

өткізу және технологиялық жабдықтарды

ауыстыру» мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 тамыздағы «Жергілікті атқарушы органдардың 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның асханасын жалға алып күрделі жөндеу өткізу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша «Отау Алан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартты жасасуға мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                       М.Құлшар                                                        

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                    М.Құлшар                   

 

Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2018 жылғы

     7 желтоқсандағы №21- 4-2

     шешіміне қосымша

 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

 

  мың.теңге

МЖӘ жобасының атауы 2019 2020 2021 2022 2023
«Шаруашылық  жүргізу құқығындағы «Облыстық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның асханасын жалға алып күрделі жөндеу өткізу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру» 26 659 26 659 26 659 26 659 26 659
БАРЛЫҒЫ 133 295