Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы туралы»

Орал қаласы                                  № 10-9                             1  маусым  2017 жыл

 

 

 

 

«Тіл туралы заңнамаларды
және тілдерді қолдану мен дамыту
бағдарламаларының орындалуын
бақылауды жүзеге асыру жөніндегі
үйлестіру кеңесінің құрамы туралы»

 

 

                   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан  облысы  әкімдігінің  2017 жылғы  18 наурыздағы  №83 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы 1 қосымшаға сәйкес   бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан  облыстық  мәслихатының   кейбір шешімдері  2 қосымшаға сәйкес бұзылсын.

 

 

 

                Сессия төрайымы                                                 Л. Тұрсынова

               Облыстық мәслихат  хатшысы                              М. Құлшар

 

 

 

 

 

2017  жылғы  1 маусымдағы №10-9

Батыс Қазақстан облыстық

 мәслихатының шешіміне

1 қосымша

 

 

 

Тіл туралы заңнамаларды және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі

үйлестіру кеңесінің құрамы

 

1. Батыс Қазақстан облысы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасары, үйлестіру кеңесінің төрағасы;

 

2. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы, үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары;

 

3. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы, үйлестіру кеңесінің хатшысы;

 

Үйлестіру кеңесінің мүшелері:

 

4. Орал қаласының әкімі;

 

5. Қызметтің бағыты бойынша Батыс Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары (келісім бойынша);

 

6. Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;

 

7. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы;

 

8. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі;

 

9. Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы (келісім бойынша);

 

10. «Алтын тамыр» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша).

 

 

 

2017  жылғы   1 маусымдағы  №10-9

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының шешіміне  2 қосымша

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының  кейбір  күші жойылған шешімдер

Тізімі

 

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы

16 мамырдағы №7-9 «Тіл туралы заңнамаларды  және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі

үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» шешімі;

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі  №19- 6  «Батыс  Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы

16 мамырдағы №7-9 «Тіл туралы заңнамаларды  және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі

үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы

№4 – 6  «Батыс  Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы

16 мамырдағы №7-9 «Тіл туралы заңнамаларды  және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі

үйлестіру кеңесінің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі;