Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың депутаты Аркадий Рубцов Кристийная Мюйрамен жұмыс кездесуін өткізді.

2021 жылдың 4 ақпанында облыстық мәслихаттың депутаты, «Стекло-Сервис» ЖШС директоры Аркадий Анатольевич Рубцов Эстонияның Орал қаласындағы және Батыс Қазақстан облысындағы құрметті консулы, Эстонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің консулы Кристийная Мюйрамен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында әріптестер консулдық қызмет аспектілерін, сондай-ақ жұмыстың одан әрі бағытын талқылады. Атап айтқанда, Эстония мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы екіжақты іскерлік және мәдени байланыстарды нығайту, сондай-ақ осы мақсатта бизнес-қоғамдастықтарды ақпараттық және консультациялық қолдауды қамтамасыз ету жататыны айтылды.