Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 3-ші сессиясы өтті

2021 жылғы 19 наурызда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының жетінші шақырылымының кезекті 3-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Б. Қонысбаева, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Сессияда 12 мәселе қаралды. Карантиндік шаралардың жалғасуына байланысты сессия қашықтықтан өткізілді, трансляция тікелей эфирде жүргізілді. Күн тәртібінің негізгі: Батыс Қазақстан облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетін нақтылау туралы мәселесі бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Т.Каюповтың баяндамасы тыңдалды. Сессия барысында сондай-ақ мемлекеттік жеке меншік әріптестік, азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша ұсыну, 2021 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері, БҚО елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысы және басқа да мәселелер қаралды. Депутаттар ұсынылған барлық жобаларды бірауыздан қолдады. Сессия барысында облыстық мәслихат депутаты Қ. М. Ашығалиев екі мәселені көтерді – БҚО әкімдігіне және тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына депутаттық сауал ретінде:

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері облыстың, қаланың және ауданның бюджеттерінен қаржыландырылатын барлық әлеуметтік инфрақұрылымды және облыстың басқа да инфрақұрылымдарын инженерлік қамтамасыз етудің барлық объектілерін тиісті қызмет көрсетушілердің теңгеріміне берсін.

2. АӨК-ті, атап айтқанда сүтті мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау жөнінде облыс басшылығы шаралар қабылдасын.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок