Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихаттың «Әлеуметтік-мәдени даму және білім мәселелері бойынша» және «Қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясыларының бірлескен онлайн-отырысы

2021 жылдың 26 қаңтарда облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және білім мәселелері бойынша және қаржы, бюджет және аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясыларының бірлескен онлайн-отырысы өтті. Отырыс жиналған аманат-тілектерді қарастырып, сайлауалды бағдарламаның орындалу жолдары мен жоспарына кеңірек тоқталып өту мақсатында жоспарланған болатын. ZOOM форматында өткен бұл кездесуге облыстық мәслихат хатшысы Конысбаева Б.Т., Жақсығалиев Ж.Ж, Сүндетова С.Ө., Батпакулова Г.А, Ирменов К.М., Салиева Ә.Ө., Утебалиева Ш.С, Ермекқалиев А.С. және Ізмағамбетов Б.М. облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Өзекті де маңызды мәселелердің көпшілігі ортаға салынып, депутаттар тарапынан түрлі салмақты ұсыныстар түсті. Атап айтқанда, интернет сапасы, жолдарды жөндеу, жұмыс орындарын құру, әлеуметтік нысандарды жөндеу мәселелері, ауыл тұрғындарын алаңдататын интернет желісін жүргізу секілді маңыздылығы басым мәселелер алдыңғы қатарға қойылып, оны шешу мен жүзеге асыру жұмыстары бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.