Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың туғанына 95 жыл

Бүгін, 30 наурыз күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері БҚО құрметті азаматы Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың (1926-1991) туғанына 95 жыл толды. Осыған орай текті тұлғаның 11 жыл (1975-1986) басқарып жұмыс жасаған облыстық мәслихаты ғимаратында Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың ескерткіш тақтасының жаныңда еске алу шарасы өтті. Осы шараға Орал қаласының аса қадірлі аға буын өкілдері және жастар қатысты. Ерен еңбегі ел жадында хатталып тұрған, арда азамат Мұстахым Біләлұлы Ықсанов туралы Орал қаласының құрметті азаматы жазушы Жайсан Ақбай, Орал қаласының құрметті азаматы Кужекова Роза Лукьянқызы және Батыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы сөз алып оның адами қасиеттерін мен ел үшін атқарған істері жөнінде айтты. Мемлекет және қоғам қайраткері БҚО құрметті азаматы Мұстақым Біләлұлы Ықсановқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылып одан әрі шара №36 М.Б.Ықсанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде жалғасын тапты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок