Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«БҚО Зеленов ауданында SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейнекамераларын орнату және сервистік қызмет көрсету» МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы

Орал қаласы                                  №21-4-1                       7  желтоқсан 2018 жыл

 

«Батыс Қазақстан облысының Зеленов

ауданында SuncarSmartCity

интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің

81 басқарылатын және 162 стационарлық

бейнекамераларын орнату және сервистік

қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 тамыздағы «Жергілікті атқарушы органдардың 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейнекамераларын орнату және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша «Элайтс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартты жасасуға мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                       М.Құлшар                                                        

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                   М.Құлшар                   

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2018 жылғы

7 желтоқсандағы №21-4-1

шешіміне қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

  мың.теңге

МЖӘ жобасының атауы 2019 2020 2021
«Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейнекамераларын орнату және сервистік қызмет көрсету» 163 371 150 935 138 253
БАРЛЫҒЫ 452 559