Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет Департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 23.12. 2020 ж. №6585 болып енгізілді

 

Орал қаласы                                   №40-10             23 желтоқсан 2020 жыл

 

 Батыс Қазақстан облысының азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өңірлік комиссиясының шешімімен ұсынылған жолдамамен медициналық көрсеткіштері бойынша жолданған Батыс Қазақстан облысының азаматтарына, сондай-ақ дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы болғанда науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан артық емес) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікті жол жүру ұсынылсын.

Науқастың және оны алып жүруші тұлғаның (бір адамнан артық емес) медициналық көмек алуы жағдайында автомобиль, теміржол көлігімен жол жүру құнының төлемі жүргізілсін (екі бағытқа да).

2. ДКК қорытындысы бойынша тіршілік әрекеті шектеулі көрсетілімдері болған кезде медициналық көрсеткіштері бойынша емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге әуе көлігімен жолдануы жағдайында науқастың және оны алып жүруші тұлғаның (бір адамнан артық емес) жол жүру құнының төлемі толық көлемінде жүргізілсін (екі бағытқа да).

3. Әуе көлігіне ДКК – нің қорытындысында рұқсат болмаған жағдайда, медициналық көрсеткіштері бойынша емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге жолданған науқасқа және науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан артық емес) теміржол көлігі жүрдек пойызының купелі вагоны билетінің орташа құнынан артық емес көлемінде төлем жүргізілсін (екі бағытқа да).

4. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі науқастардың емделуге және оларды алып жүруші тұлғаға жол жүру құнының төлемін жүргізсін (келісім бойынша).

5. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

 

М. Құлшар

Мәслихат хатшысы

 

М. Құлшар

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 23.12.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6585 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Западно-Казахстанский областной маслихат – Руководитель аппарата Есентай Гиниятович Калиев, 23.12.2020 16:58:57, положительный результат проверки ЭЦП

Западно-Казахстанский областной маслихат – Секретарь маслихата Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, 23.12.2020 16:59:42, положительный результат проверки ЭЦП

Западно-Казахстанский областной маслихат – Секретарь маслихата Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, 23.12.2020 17:00:35, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Западно-Казахстанской области – заместитель   руководителя Департамента Естай Елтаевич Рашкалиев, 23.12.2020 17:48:24, положительный результат проверки ЭЦП