Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

БҚО-да уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы

Батыс Қазақстан

облысының әкімдігі

№1

11 қаңтар 2019 жыл

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихаты

№22-2

11 қаңтар 2019 жыл

Орал қаласы

 

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстан облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы

ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерлерін

белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Батыс Қазақстан облысында уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізілсін.

2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары И.В.Стексовке және облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Облыс әкімінің міңдетін атқарушы

И. Стексов

Сессия төрағасы

М. Құлшар

  Облыстық мәслихат хатшысы

М. Құлшар

 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2019 жылғы 11 қаңтардағы  №__және

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

11 қаңтардағы №22-2 бірлескен қаулысы

және шешіміне қосымша

 

Батыс Қазақстан облысында уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар

Аудан (қала атауы)

Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, га Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн, га
Егістік Шабындық Жайылым Егістік Шабындық Жайылым
Бәйтерек 4791 65 3939 21886 664 3939
Бөрлі 4354 32 3093 9932 641 6031
Тасқала 3588 7013 2902 9182 7013 22210
Теректі 4624 162 2545 17000 1047 11473
Шыңғырлау 4301 1012 2389 11854 2364 20521
Қаратөбе 246 5795 9533 2795 5795 40116
Казталов 22 6694 11279 791 6694 41281
Сырым 2095 700 6596 7625 1820 31730
Бөкей ордасы 5 44 11215 180 538 53000
Жәнібек 122 441 5960 2282 1624 35992
Жаңақала 77 3354 14946 857 5201 67696
Ақжайық 555 4666 7410 555 5759 34244