Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Орал қаласы                                     №19- 2                     28 қыркүйек  2018 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3

«Жергілікті мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жобаларының тізбесін

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына және 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а.бұйрығына және Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі №03-01-06.4667 хатына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                       И.Илимисов                                        

                  

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                       М.Құлшар     

 

2018 жылғы 28 қыркүйектегі

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының №19-2 шешіміне

қосымша

2017 жылғы 6 желтоқсандағы

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының №15-3 шешіміне

қосымша

 

Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Атауы
1 Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және сервистік қызмет көрсету
БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылында 280 орындық балабақша құрылысы және пайдаланылуы
2 Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы МКК ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасына магнитты-резонансты томографты лизингке алу» Орал қ.
БҚО Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында ауысымына 35 келуші қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы
Күрделі жөндеу және құрылғымен жабдықтаумен медициналық қызметті ұйымдастыру үшін Орал қаласында №7 қалалық емхананың мүліктік кешенін сенімгерлік басқару
ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК асханасын жалға алып күрделі жөндеу өткізу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру
ШЖҚ «Ақжайық ауданының орталық ауруханасы» МКК үшін компьютерлік томографты лизингке алу
ШЖҚ «Көпбейінді қалалық аурухана» МКК үшін ангиографиялық қондырғылар лизингке алу
3 Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы БҚО облыстық маңызы бар Чапаево-Жаңақала-Сайқын автомобиль жолының 0-337 шақырымына сервистік қызмет көрсету
БҚО Зеленов ауданы Переметное ауылының автомобиль жолдарын күрделі, орташа жөндеу және сервистік қызмет көрсету
БҚО Зеленов ауданында SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейнекамераларын орнату және сервистік қызмет көрсету
4 Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы БҚО Ақжайық ауданының Чапаево ауылында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және пайдалану
5 Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Орал қаласының көшелерін жарықтандыруды сенімгерлік басқаруға беру жолымен жаңғырту