Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №40-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  19.03. 2021ж. №6859 болып енгізілді

 

Орал қаласы                               №3-1                     19 наурыз 2021 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы

15 желтоқсандағы №40-2 «2021-2023 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы15 желтоқсандағы №40-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6555 тіркелген, 2020 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 251 587 909 мың теңге:

салықтық түсімдер  –  67 660 368 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 143 832 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 050 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 182 782 659 мың теңге;

2) шығындар – 258 734 581 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 5 682 537 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 16 630 280 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 947 743 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 851 396 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 851 396 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -13 680 605 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 13 680 605 мың теңге:

қарыздар түсімі – 11 733 400 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 10 345 204 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12 292 409 мың теңге.»;

3-тармақтың 1) тармақшасында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 2021 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 54 037 807 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:»;

келесі мазмұндағы елу үшінші абзацпен толықтырылсын:

«ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге – 97 213 мың теңге;»;

4-тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 0%.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен 41 052 614 мың теңге жалпы сомасында трансферттердің түсімдері ескерілсін.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының түсімдері 10 947 743 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

келесі мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 8 300 360 мың теңге сомасында Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін ескерілсін.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттер 4 099 082 мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

1 326 101 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

2 772 981 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте қарыздарды өтеу
10 345 204 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Ә. Жоламанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша

 

Сессия төрағасы                                              Н.Серғалиев

 

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                           Б.Қонысбаева