Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 45 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-15 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 10.12.2020ж. №6530 болып енгізілді

Батыс Қазақстан

облысының әкімдігі

Орал қаласы

2020 жылғы 9 желтоқсаны

№ 290

Батыс Қазақстан

облыстық мәслихаты

Орал қаласы

2020 жылғы 9 желтоқсаны

№ 40-7

 БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 45 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-15 «Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Макар елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекенін тарату туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 45 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 33-15 «Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Макар елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекенін тарату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6096 тіркелген, 2020 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

«Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Қарасай елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекенін тарату туралы»;

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің Қарасай елді мекенін және Саралжын ауылдық округінің Бескөл елді мекені таратылсын.».

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

Ғ. Есқалиев

  Сессия төрағасы

М. Құлшар

 

Облыстық мәслихат хатшысы

М. Құлшар