Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

( ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 25.03. 2021 ж. №6864 болып енгізілді)

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Орал қаласы

2021 жылғы 19 наурызы

№ 49

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Орал қаласы

2021 жылғы 19 наурызы

№ 3-7

 

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерінің

әкімшілік-аумақтық құрылысына

өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Ақжайық ауданы әкімдігі мен Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 сәуірдегі №84 және 2020 жылғы 28 сәуірдегі №46-4 «Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне және Батыс Қазақстан облысының мәслихатына Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерін тарату жөнінде ұсыныс енгізу туралы», 2020 жылғы 1 қазандағы №207 және 2020 жылғы 2 қазандағы №53-3 «Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне және Батыс Қазақстан облысының мәслихатына Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерін тарату жөнінде ұсыныс енгізу туралы» бірлескен қаулылары және шешімдері негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

таратылсын:

Жаңабұлақ ауылдық округінің Қосшығыр елді мекені;

Жамбыл ауылдық округінің Дөңгелек елді мекені;

Алмалы ауылдық округінің Жантемір елді мекені;

Құрайлысай ауылдық округінің Әтібек елді мекені;

бағыныстылығы өзгертілсін:

таратылған Жаңабұлақ ауылдық округінің Қосшығыр елді мекенінің бағыныстылығы Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;

таратылған Жамбыл ауылдық округінің Дөңгелек елді мекенінің бағыныстылығы Жамбыл ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;

таратылған Алмалы ауылдық округінің Жантемір елді мекенінің бағыныстылығы Алмалы ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін;

таратылған Құрайлысай ауылдық округінің Әтібек елді мекенінің бағыныстылығы Құрайлысай ауылдық округінің әкімшілік бағыныстылығына берілсін.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Жоламанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

Ғ. Есқалиев

 

Сессия төрағасы

Н. Серғалиев

 

Облыстық мәслихат хатшысы

Б. Қонысбаева