Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Орал қаласының білім беру бөлімінің «№30 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Хиуаз Доспанованың есімін беру туралы

             Батыс Қазақстан                          Батыс Қазақстан облыстық
          облысының әкімдігі                                        мәслихаты
                       №50                                                     № 9-10
     2017 жылғы  «24» ақпан                     2017 жылғы   «24»  ақпан
 

Орал қаласы

БІРЛЕСКЕН
ҚАУЛЫ  және  ШЕШІМ

 

Орал қаласының білім беру
бөлімінің «№30 жалпы орта білім
беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік
мекемесіне Хиуаз Доспанованың
есімін беру туралы

 

          «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға   жеке    адамдардың    есімін  беру қағидаларын бекіту туралы»
1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысын   басшылыққа   ала  отырып,   Батыс  Қазақстан облысының әкімдігі   ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ   және   Батыс    Қазақстан  облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қаласының білім беру бөлімінің «№30 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Хиуаз Доспанованың есімін беру жөніндегі ұсыныс мақұлдансын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

Облыс әкімі                                                 Сессия төрағасы
             А. Көлгінов                                                      А. Таспихов
                                                                     Облыстық мәслихат хатшысы
                                                                                      М. Құлшар