Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

«Орал қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және дегельминтизация жасау, бірдейлендіру, биозарарсыздандыру, екпе жасау қызметі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы

Орал қаласы                                     № 3-3                            19 наурыз 2021 жыл

 

«Орал қаласындағы қаңғыбас

иттер мен мысықтарды ұстау және

дегельминтизация жасау, бірдейлендіру,

биозарарсыздандыру, екпе жасау қызметі»

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы  қантардағы «Жергілікті атқарушы органдардың 2020-2022 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Орал қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және дегельминтизация жасау, бірдейлендіру, биозарарсыздандыру, екпе жасау қызметі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартты жасасуға мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                              Н.Серғалиев

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                           Б.Қонысбаева

 

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2021 жылғы

19  наурыздағы № 3-3

шешіміне қосымша

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

мың.теңге

МЖӘ жобасының атауы

2021

2022

2023

2024

2025

«Орал қаласындағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және дегельминтизация жасау, бірдейлендіру, биозарарсыздандыру, екпе жасау қызметі»

18 953

25 271

25 271

22 967

15 271

БАРЛЫҒЫ

107 733