Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша онлайн-конференция өтті

Облыстық мәслихат депутаттары — тұрақты комиссияның төрағасы А.Салиеваның және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерінің бастамасы бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қалалық мәслихат депутаттарының, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша онлайн-конференция өтті. Онлайн-конференцияға қатысушылар мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау ережелерін талқылап, бұл мәселені шешуге жеке көзқарас қажет екенін атап өтті. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасының өкілдері мемлекеттік бағдарламалар аясында түсініктеме берді. Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Г.Батпақұлова «Еңбек. kz.» сайтының нашар жұмысы туралы айтып өтті. Барлық қатысушылар мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігі туралы айтты.

рисунок

рисунок

рисунок