Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы

Жоба

 

Орал қаласы                             № –                   ____ __________ 2020 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірдегі №10886 тіркелді) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары бекітілсін.
  2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары (docx, 37 Kb)

Сессия төрағасы  
Облыстық мәслихатхатшысы М. Құлшар