Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Батыс Қазақстан облысының 2015 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

Облыстық мәслихаттың
 шешімі

 

Орал қаласы             №4-1              10  маусым 2016 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының 2015 жылға

арналған облыстық бюджетінің атқарылуы

жөнінде жылдық есебін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ұсынған Батыс Қазақстан облысының 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есебін тындап және талқылап, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Батыс Қазақстан облысының 2015 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебі 1- қосымшасына сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 107 241 629,8  мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері  – 30 885 625,5 мың теңге;

салықтан тыс түсімдер – 1 161 634,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 16 586,7 мың теңге;

трансферттердін түсімдері – 75 177 783,6 мың теңге;

2) шығындар – 105 631 259,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 3 996 112,5 мың теңге,

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 6 801 578,5  мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 2 805 466,0 мың теңге;

4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың  теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – (-2 385 742,0) мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын  қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 2 385 742,0 мың теңге:

қарыздардың түсімі – 6 648 858,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу –  3 114 982,0 мың теңге;

бюджет қаражаттары қалдықтары – 1 876 826,8 мың теңге.

2.«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижесі туралы есебі қатерге алынсын.

                            Сессия төрағасы                     С.Сүлеймен                                            

Облыстық мәслихат хатшысы                  М.Құлшар