Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Аймақ басшысы облыстық қоғамдық кеңес алдында есеп берді.

15 ақпанда Облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиевтің есебі тыңдалды. Облыс әкімі өткен жылы жүзеге асырылған жұмыстарды баяндап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Күн тәртібіне сәйкес облыстық мәслихат пен облыстық қоғамдық кеңестің жылдық жұмысы жөнінде Бибигүл Тишанқызы Қонысбаева мен Ербол Ғұмарұлы Салықов баяндама жасады.

Сөз алған көғамдық кеңес мүшелері пандемияға қарамастан облыс әкімінің бастамасымен өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына қажетті кешеңді шаралар қолға алынған оң бағалады. Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін қолдау, қазақ автономиясының тұнғыш төрағасы С.Мендешовке ескерткіш тұрғызу, оқу орындары мен көшелерге атын беру және Қаратөбе ауданының Саралжын ауылының кіреберіс жолын жөндеу туралы ұсыныс айтылды, сонымен қатар көркем сүрет музей галереясын ашу, тұрғындарға үй салуға жер телімдерің беру, апатты мектептер мәселелері көтерілді. Кеңесте сөз алғандар облыс әкімінен қоғамдық ұйымның өкілдерімен арнайы кездесу ұйымдастыруды сұрады, өңір басшысы ашық диалогқа дайын екенін айта келе айтылған ұсыныс-пікірлердін ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

рисунок

рисунок