Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева облыс тұрғындарынан түскен сұрақтар бойынша отырыс өткізді.

2021 жылдың 31 наурызда  облыс мәслихатында облыстық мәслихат хатшысы Б.Қонысбаева төрағалығымен 2021 жылдың 26 наурызында Б.Қонысбаева жүргізген «Facebook» желісі бойынша тікелей эфирде облыс тұрғындарынан түскен сұрақтар бойынша отырыс өткізді. Отырысқа тиісті басқарма «ҚазАвтожол» АҚ Ұлттық компаниясының БҚО филиалының директоры А.Каримбаев, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Т.Габдушев, Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Ж.Дүйсенгалиев және Орал қалалық мәслихат депутаты С.Доля қатысты. Осы отырыста тұрғындардың туындаған сұрақтары қаралды. Атап өтсек, жол бағыт белгілері қатемен жазылғаны. Бұл сұраққа «ҚазАвтожол» директоры А.Каримбаев алдағы айда облыс бойынша жол бағыт белгілері түгендеуден өтіп, қателер дұрысталатынын атап өтті. Екінші сұрақ бойынша қала ішкі жолдарының қары еріп, жол шұнқырлары пайда болуы. Бұл сұраққа Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Ж.Дүйсенгалиев осы бағытта жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны және 50-ден астам қаланың көше жолдары жөндеуден өтетінін айтты. Үшінші сұрақ бойынша Ақжайық ауданы Чапаев ауылына екі шақырымда орналысқан елді-мекенге жол нашарлығы. Бұл сұраққа Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Т.Габдушев бұл мәселе бойынша жол тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны және бұл елді-мекенге тас жолын салу пысықталып жатқанын айтты.

рисунок