Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат хатшысы Бибигүл Тишанқызы Қонысбаева тікелей эфирге шықты

2021 жылғы 26 наурызда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Бибигүл Тишанқызы Қонысбаева тікелей эфирге шықты. Мұнда жол картасындағы белгіленген мәселелердің орындалу барысына егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар облыстық мәслихат хатшысы азаматтардың да мәселелерін тыңдады. Атап айтқанда Ақжайық ауданының тұрғыны С.Есіркепова Нефтебаза елді-мекенінің жолының сапасына шағымданып, бұзылып, есептен шыққан үй-жайы бойынша кімге жолығуға болатынын сұраса, қала тұрғыны Д.Салимов қаладағы жолдардың сапасына көңіл аударуды сұрады. Осы және басқада мәселелер бойынша Б.Қонысбаева тиісті ұйымдармен кездесіп, қабылданған шешімдерді міндетті түрде азаматтардың назарына ұсынатынын атап айтты.