Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты Қ. Ирменов облыс тұрғындарын қабылдады

09.02.2021 жылы «NurOtan» облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Қ. Ирменов облыс тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әр қайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Облыстық мәслихат депутаты қалалық тұрғын үй қорынан жалдамалы үй беру, халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөнінде толық анықтамалық түсініктемелер берді.