Конысбаева Бибигуль Тишановна
Секретарь Западно-Казахстанского областного маслихата

Облыстық мәслихат депутаты Ш.Утебалиева облыс тұрғындарын қабылдады

11.02.2021 жылы  «NurOtan» облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты  Ш.Утебалиева облыс тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әр қайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Қабылдауға Байтерек ауданы тұрғыны,  көп балалы ана өзінің жеке кәсіп ашқысы келетінін айтып, көмек сұрап келген болатын. Тұрғынға кәсіпкерлерге арналған гранттар,  жеңілдіктер жөнінде түсініктемелер берілді және облыстық Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды.

Сонымен қатар облыстық мәслихат депутатына жалғыз басты анада өз мәселесімен келді. «Ерекше» баланы тәрбиелеп отыр.  Бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Ананы негізгі мазалайтын мәселенің бірі ол – тұрғын үй мәселесі. Тұрғынға заңнамалық тұрғыдан кеңестер берілді.

рисунок

рисунок